Фото: ТАСС
Түркістан облысында прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында деструктивті діни ағымның жақтастары ұсталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Олардың мінген «Toyota Land Cruiser 200» автокөлігінен екі қару табылды:
-
9 мм калибрлі «ТТ» маркалы тапанша;
-
18*45 калибрлі «Байкал МР-461» маркалы қару.
Сараптама нәтижесінде қарулардың оқ атуға жарамды екені анықталды. Қазір олардың басқа қылмыстарда қолданылған-қолданылмағанын тексеру үшін қосымша зерттеулер тағайындалған.
Сонымен қатар, күдіктілердің бірінің тұрғылықты мекенжайында ҚР ҚК-нің 432-бабы бойынша іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.
2 қыркүйек күні ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер қамауға алынды.
