18 қар, 2025 сағат 12:08

Батыс Қазақстан облысында болған сұмдық жол апатында сегіз адам қаза тапты


Фото: Криминальный Казахстан
Апат бүгін Чапай – Жаңақала – Сайқын жолының 50-шақырымында, Қызылоба ауылына жақын маңда болған. Бұл туралы Ult.kz Криминальный Казахстан телеграм арнасына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушілердің бірі қарсы жолаққа шығып кеткен, соның салдарынан «Toyota Camry» және «Volkswagen Sharan» көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Соққыдан кейін шағын автобусты өрт шалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан сегіз адам оқиға орнында көз жұмды, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді.

Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, тергеу-жедел тобы және ТЖМ бөлімшелері жұмыс істеп жатыр.