Фото: Pexels.com
Түркістан облысы прокуратурасы білім беру саласындағы қаржылық заң бұзушылықтарды анықтап, мемлекетке 1,5 миллиард теңге қайтарылғанын хабарлады.
Облыста білім беру саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс тергеліп, сотқа дейінгі тергеу аяқталған. Оның ішінде 5 іс бойынша процестегі тұлғалармен танысу кезеңі өткен. Сонымен қатар, Сауран және Созақ аудандарының білім бөлімдері қызметкерлеріне қатысты 2 іс сотқа жолданды.
Тергеу кезінде күдіктілерден 1,5 миллиард теңге көлеміндегі шығын мемлекетке қайтарылып, қосымша 2,9 миллиард теңгеге тыйым салынған мүлік анықталды.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы екі жылда білім саласындағы жемқорлық әрекеттерінен 17 миллиард теңге көлемінде шығын келгені белгілі болған. Бір ғана Талдықорған қаласында білім бөлімінің басшылығы мен бірнеше мектеп директоры 4 миллиард теңгеге жуық қаржыны жымқырған.