Түркістан облысында «STOP-ойын» жедел-алдын алу шарасы аясында Сарығаш, Түркістан, Кентау және Жетісай қалаларында 16 заңсыз ойын орны анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Аталмыш шараны ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ұйымдастырды.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заңсыз ойын орындарынан 39 теледидар, 71 процессор, 69 монитор, чек шығаратын 25 принтер және 12 сканер, 1,2 млн. теңгеден астам ақша тәркіленіп алынды.
«Осы негізде заңсыз ойын орындарының жолын кесу, анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Заңсыз ойын орындарының қызметін анықтаған жағдайда, Комитеттің – 8 (7172) 70-84-78, Түркістан облысы бойынша ЭТД 8 (72533) 3-29-87 сенім телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз», - делінген ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.