02 там, 2023 сағат 18:31

Түркістан облысында 11 жастағы бала зираттағы суреттерді бояп тастаған

CC0 / Pixabay.com/Vzsuzsi /

Түркістан облысының тұрғыны өз бейнежазбасында мазараттағы адамдар бейнесі салынған көктасты белгісіз біреу сызып, бояп тастағанын жеткізген, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аталған жайт ҚР ҚК-нің 294-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталды. Теріс қылықты жасаған 11 жасар кентаулық жасөспірім екені анықталды" - делінген ведомство хабарламасында.

Белгілі болғандай, жасөспірімнің үйі мазарат маңында орналасқан. Үйінен ойнап шыққан бала, мазараттан көк түсті бояу тауып алып, жерленген бірқатар адамның көктасын, сондай-ақ олардың қоршауын бояп шыққан. Ал әкесі ұлының балалықпен жасаған іс-әрекетіне өкініп, кешірім сұраған. 

Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.