12 қыр, 2019 сағат 10:42

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалды

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып Шалхарова Әлия Богданқызы тағайындалды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шалхарова Әлия Богданқызы 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы педагог-хореограф, психология пәнінің ұстазы, психолог, экономист.

Еңбек жолын 1998 жылы Мәдениет және өнерді дамыту Қорының хореографиялық ұжым басшысы болып бастаған.

2016-2018 жылдары ОҚО бойынша Мәдениет басқармасының «Түркістан Сарайы» МКК-ң концерттік мекеме директоры қызметін атқарған.

2018-2019 жылдары Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының басшысы болған.

2006 жылы «Екі ел арасында қарым-қатынас және өнерді дамытуға қосқан үлесі» үшін Өзбекстан Республикасының «Хадықтар Достығы» орденімен марапатталған.

2018 жылы «Облыс мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі медалінің иегері.

2018 жылы «Ерен еңбегі үшін» Мемлекеттік медалімен марапатталған.