17 там, 2022 сағат 19:16

Түркістан облысы әкімінің қабылдауда болған екі отбасы баспаналы болды


Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің облыс орталығында өткен азаматтарды жеке қабылдауы бойынша берілген тапсырмалары жүзеге асып жатыр.

31-наурыз күні өткен облыс әкімінің жеке қабылдауда болған екі түркістандық отбасы араға 4 ай салып баспаналы болды. Оның бірі – талай жылдан бері тұрғын үй тауқыметін тартқан кейуана. Үйге ие болған екінші тұрғын да өңір басшысына өз өтінішін айтқан болатын. Облыс әкімі тұрғындардың өтініші назарға алынғанын айтып, жауаптыларға демеушілер арқылы көмектесуді тапсырды. Нәтижесінде Түркістан қаласында құрылыс жүргізуші мердігер компания басшыларының көмегімен әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандардың көптен күткен армандары орындалып, қоныс тойын тойлады. Әр отбасының үйі – үш бөлмелі. Баспаналар қажетті жиһаз бен тұрмыстық техникалармен жабдықталған.

Облыс басшысының қабылдауында болған тұрғындар әкімге өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, олардың заң аясында шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік алды. Түркістандық тұрғынның мүмкіңдігі шектеулі балаларға арналған «Коррекциалық орталығын» ашу туралы ұсынысы бойынша мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін орталығы құрылды. Онда әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетіледі. Қазіргі таңда мекеме ғимаратын қажетті құрал-жабдықтармен қамту жұмыстары жүргізілуде. Санаулы күнде мекеме өзіне тиісті барлық салалар бойынша толық жұмыс істейтін болады. Орталықта еңбек терапиясы, әнмен емдеу, психотренингтер, әлеуметті мәселелер бойынша заңды кеңес және сүйемелдеу, демалыс ұйымдастыру шаралары бойынша тарихи-мәдени орындарға экскурсия мен театр, концертке бару және мерекелік мәдени іс- шаралар ұйымдастырылады.

Сондай-ақ түркістандық бір топ тұрғынның өтініші бойынша қоғамдық көлік мәселесі шешілді. Жеке сектордағы ескірген жүйелер жаңартылып, жарықтандырылды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен бірнеше азаматқа демеушілер есебінен қаржылай көмек көрсетілді. Жұмысқа орналасты. Тағы біріне тұрғын үйлерін құжаттандыруға көмек берілді.

«Халық үнімен құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы: халық пен билік тандемі. Осы бағытта Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев азаматтардың барлық өтініштер мен ұсыныстарын мұқият тыңдап шығып, заңнама аясында түсінік беріп, жекелеген сауалдар бойынша тиісті мекеме басшылары мен Түркістан қаласының әкіміне нақты тапсырмалар берді. Бүгінде өңірде Мемлекет басшысының «Халық үнімен құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Халықпен тығыз қарым-қатынас орнатудың түрлі еттіктері іске қосылуда.

Түркістан облысында халықпен қарым-қатынасты жақсартатын, көпшілікті толғандырып жүрген мәселелерді пікір талқысына салатын маңызды диалог алаңдарының бірі – «Парасат» пікірталас клубы. Халықпен тығыз жұмыс істеу мақсатында қолға алынған, сансыз сауалға жауап алатын алаң облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қолдауымен барлық аудан, қалаларда ашылды. Бірегей жоба Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті және әкімдіктердің бастамасымен Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен «Адалдық алаңы» ұлттық жобасы аясында жүзеге асты. Тұрғындар өзекті мәселелерді «Парасат» мінберінде көтеріп, басшылармен тікелей пікірлесе алады. Жаңа жобаның жүзеге асуы билік пен халықтың арасындағы арақашықтықты азайтып, азаматтардың билік институтына деген сенімін арттыруын қамтамасыз етеді. Жергілікті жердегі өзекті мәселені ортаға салушы тұрғындар баға тұрақсыздығы мен қымбатшылықты ауыздықтауды, сапалы ауыз су, табиғи газ мен электр жарығымен қамту, жер мәселесі, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау шаралары туралы, әлімжеттік, жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы өзекті мәселелерді тұрақты талқылап, ел ұсынысына сай билік тарапынан жұмыс атқарылып келеді.