26 мау, 2018 сағат 14:35

Түркістан облысы әкімдігінің маңдайшасындағы жазу жаңа атауға өзгертілді

Түркістан облысы  әкімдігінің маңдайшасындағы жазу жаңа атауға өзгертілді. Әкімдіктің шаруашылық қызметкерлері бұл жұмысты бір күн ішінде атқарып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Түркістан облысының әкімдігі болып өзгертілді. Мұндай жаңалықты қала тұрғындары ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісті. Солардың бірі, шымкенттік тұрғын Ілияс Жолдас бұл өзгеріске қатысты өз пікірін білдірген.

«Көз алдымызда Оңтүстік Қазақстан облысы өшіп бара жатыр. Түркістан сарайына қарсы тұрған әкімшілік үйінің маңдайшасы ауысуда. Түркістан облысының әкімдігі. Басталды! Талайларға тірек болған, талай елге тұтқа болған, қош бол енді Оңтүстік Қазақстан облысы! Сен тариxтың бір емес мың бөлшегісің! 100 жылдық ғұмырыңды мың  жарым жылдық тариxы бар Түркістанға бер!» деп жазады Ілияс Жолдас.

Өзге мекемелер де енді біртіндеп атауын өзгертеді деп күтілуде.