Түркістан қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Рашид Аюпов облыс орталығы логотипінің бірнеше жобасын ұсынды. Бұл туралы қала әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жария етілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Әкім осы жобалардың ішінен таңдалған үлгі қаладағы көптеген нысандарда пайда болатынын атап өтті.
«Сіздерге Түркістанның жаңа логотипінің жобасын ұсынамын. Біз онда ежелгі және қазіргі заманғы миксті көрсетуге тырыстық. Қала өзінің тарихи келбетін сақтай отырып, заманауи болуы керек. Логотиптің негізгі сарыны - Жібек жолы бойындағы қозғалыс. Таяуда ол қоғамдық тыңдауда, содан кейін мәслихат сессиясында талқыланатын болады. Егер бекітілсе, жаңа логотип қаладағы көптеген нысандарда пайда болады», - деді қала әкімі Рашид Аюпов.