12 шіл, 2018 сағат 14:48

«Тұрғын үй Шымкенттің» басшылығы қалай ұсталды? (видео)

«Тұрғын үй Шымкент» ЖШС - қалалық әкімдікке қарасты кәсіпорын. Аталған компания тұрғын үй - коммуналдық жаңғырту шараларына жауап береді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұржан Жаxиннің айтуынша, жақында «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС директоры Мұхамбетжан және оның орынбасары Бақбергенов ұсталды.

«Олар «Нұрлы-жер» және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламалары аясында Шымкенттегі үйлерді жөндеуге қатысты мердігерлік шарттарды жасағаны үшін 5,1 млн теңге сомасында заңсыз сыйақы алды деген күдік бар. Жалпы, мердігерлік жұмыстарға  34 млн теңге бөлінген", - деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. 


Айта кетейік, бұған дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бөлім басшысын 1,7 млн теңгемен ұстағаны туралы видеоны жариялаған болатын. 

Қарағанды облысы бойынша сот сараптамасы институтының басшылығы патологанатомдық қызметке заңсыз жарнама жасап, сол үшін жүйелі түрде пара алып келген.

Ал қостанайлық шенеуніктер "Нұрлы жер" бағдарламасының тендерін 30 млн теңгеге сатып жіберген.