02 там, 2023 сағат 14:05

Тұңғыш президент күні мерекелер қатарында қалды

Фото: REUTERS

1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні ретінде мереке күндерінің жаңартылған тізімінде қалды.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мереке күндердің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын", - делінген Үкімет қаулысында.

Бекітілген мерекелік күндердің тізбесі:

1. Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылған күні – 15 ақпан

2. Алғыс айту күні – 1 наурыз

3. Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі

4. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр

5. ҚР Мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым

6. Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі

7. Ұлттық домбыра күні – шілденің бірінші жексенбісі

8. Абай күні – 10 тамыз

9. Спорт күні – тамыз айының үшінші жексенбісі

10. Семей ядролық полигонының жабылған күні – 29 тамыз

11. Білім күні – 1 қыркүйек

12. Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі

13. Қазақстан халқының тілдері күні – 5 қыркүйек

14. Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі

15. Қарттар күні – 1 қазан

16. Нан күні – 16 қазан

17. Энергияны үнемдеу күні – 11 қараша

18. Ұлттық валюта күні – теңге – 15 қараша

19. ҚР Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан

Еске сала кетейік, 2022 жылға дейін Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер тізімінде болды, кейін ол мерекелік күндер тізіміне енгізілді.