Түркістан облысы, Түлкібас ауданында тұрғын-үй соғуға жер
телімін бөлу түйінің шешу мақсатында алдағы жылы ауқымды жұмыстар бастау алмақ, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» облыс әкімдігінің
баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәселен, екі кезеңмен елді мекендердің шегінен тұрғын үй
соғуға қажетті инфрақұрылым жүргізу жұмыстар іске асады. Бұл мәселе Түлкібас ауданының
әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды.
Бірінші кезеңде жалпы төрт елді мекенде 569 жер теліміне
қажетті инфрақұрылым тарту жұмыстары жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар келесі
жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Екінші кезеңмен Ақбиік,
Жабағылы, аудан орталығына қарасты «Нұршуақ» мөлтек ауданынан және Керейт
ауылының шегінен инфрақұрылым жүргізу жұмыстары жоспарға енгізіліп отыр.
Іске асатын жобалардың құжаттары тиісті облыстық салалық
басқармаға ұсынылған. Қолдау тауып, қаржы бөлінген жағдайда алдағы жылы аталған
елді мекендерде жер кезегіндегі азаматтардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында
ауқымды жұмыстар атқарылады.