Жеке тұлғалардың банк шоттарын әкімшілендіруге қатысты ақпарат жалған. Бұл туралы Кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлік қызмет мақсатында жеке тұлғалардың банктік шоттарын әкімшілендіруге қатысты хабарламаны ресми түрде жоққа шығарады. WhatsApp мессенджерінде таратылатын ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Сонымен бірге, Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлердің бақылау-касса машиналары арқылы өз кірістерін көрсету міндеттемесін және жеке тұлғаларға тауарларды және (немесе) қызметтерді сатып алу кезінде түбіртек алу қажеттілігін еске салады. Осылайша, сіз өзіңіздің азаматтық позицияңызды білдіресіз, заңды бұзуға мүлдем төзбеушілік танытасыз және өз құқықтарыңызды қорғай аласыз.