18 нау, 2021 сағат 10:00

Цифрландыру: «Электронды үкімет» түрлі салада жүзеге асырылуда

Еліміздегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың дамуымен азаматтар мен мемлекеттің өзара әрекеттестігін ыңғайлы, қарапайым, қолжетімді және түсінікті ету үшін электронды үкімет тұжырымдамасын әзірлеген болатын. Электронды үкімет құру ісі билік органдарының жұмысын анағұрлым тиімді, азаматтарға қолжетімді ету үшін қажет болды. Осы орайда Мемлекеттік қызмет агенттігі «iQyzmet» ақпараттық жүйесін әзірлеп жатыр, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Белгілі болғанындай, бұдан былай Мемлекеттік басқару саласында «кадрлық стратегия» және «кадрлық жоспарлау» деген ұғымдар енгізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев баяндаған болатын.

«Мемлекеттік басқару саласында «кадрлық стратегия» және «кадрлық жоспарлау» деген ұғымдар енгізіледі. Кадрлық саясатта адам ресрустарын басқаруға басымдық беру үшін қағазбастылықтан арылып, цифрландырылған қызметке ауысу қажет болады. Осы үшін «iQyzmet» ақпараттық жүйесін құруға күш салып жатырмыз. Бұл жүйе кадрмен байланысты операциялық үдерістерді автоматтандырып, оңтайлы ете түседі», - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев.

Сонымен қатар, Жазықбаевтың айтуынша, осы уақытта волонтерлер 700 мың адамға мемлекеттік қызметті қашықтан алуды үйреткен. Бұл арқылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «электрондық үкімет» порталын қолданушылардың санын еріктілердің көмегімен көбейтуді мақсат етіп отыр.

Төраға орынбасарының мәлімдеуінше, белгілі болғанындай, пандемия кезеңінде еріктілер халықтың «электрондық үкімет» порталын пайдалануына белсенді көмектескен.

«2020 жылы Агенттік «электрондық үкімет» порталы арқылы қызмет алу халықты үйрету үшін еріктілер жұмысын ұйымдастырды. Барлық өңірлер бойынша 400-ден астам ерікті жұмылдырылып, 700 мыңдай азамат цифрлық мемлекеттік қызметтерді алу әдістерін үйренді. Биыл да еріктілер халықты мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы және оның мобильді қосымшасы арқылы алуға үйретіп жатыр», - деді Дархан Жазықбаев.

Айта кетейік, электронды үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі екені белгілі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де – осы механизм.

Естеріңізге салайық, электронды үкімет құру ісі билік органдарының жұмысын анағұрлым тиімді, азаматтарға қолжетімді ету үшін қажет болды. Осы орайда Мемлекеттік қызмет агенттігі «iQyzmet» ақпараттық жүйесін әзірлеп жатыр. Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «электрондық үкімет» порталын қолданушылардың санын еріктілердің көмегімен көбейтуді мақсат етіп, осы уақытта волонтерлер 700 мың адамға мемлекеттік қызметті қашықтан алуды үйреткен. Яғни төраға орынбасарының мәлімдеуінше, белгілі болғанындай, пандемия кезеңінде еріктілер халықтың «электрондық үкімет» порталын пайдалануына белсенді көмектескен.