Фото:instagram.com/pro_konaev
Қонаевта тоққа соғылған ер адам ауруханаға түсті. Ол трансформатор дүңгіршегіне шығып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.
"Бүгін күндіз сағат 11:30-да Қонаевта Сейфуллин көшесімен төмен қарай бір ер адам трансформаторға шығып кеткен. Қазір ол ауруханада жатыр", - делінген жергілікті pro_konaev Instagram-паблигінде.
Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның денесін күйік шалған.
"23 желтоқсанда сағат 11:20-да Қонаевтағы көпсалалы аурухананың жансақтау бөліміне 42 жастағы ер адам электр тоғы жарақатымен түскен. Дененің күйік шалған аймағы - 45 пайыз", - деді Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.
Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Ол жансақтау бөлімдерінде ем қабылдап жатыр.