АҚШ президенті Дональд Трамп 20 қаңтарда билікті сайланған президент Джо Байденге тапсыруға уәде берді. Трамп үндеуінде сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Трамптың айтқан сөздерін оның көмекшісі Дэн Скавино Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.
"Сайлау нәтижесімен толық келіспеуіме қарамастан 20 қаңтарда билікті тапсырамын", - деді Трамп.
Еске салайық, Трамптың жақтастары Капитолийдегі қоршауды бұзып, сенат залына басып кірген болатын. Тәртіпсіздік кезінде бірнеше адам жарақат алып, бір адам қайтыс болды.
Артынша Конгресс Байденді АҚШ президенті етіп бекіткені белгілі болды.
749 рет оқылды