ҚР ҰҚК Шекара қызметі төтенше жағдай кезінде 5,7 млн медициналық маска, 37 мыңнан астам респиратор, 5,7 мың қорғаныс костюмі мен 480 қорғаныс көзілдірігі, 3,9 млн медициналық қолғапты алып өтуге жол бермеді. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Шекара қызметінің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Шекара қызметі атап өткендей, 2020 жылдың 16 наурызынан бастап төтенше жағдай кезінде Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі белгіленген.
Шекара арқылы кіруге және шығуға шектеу енгізілді. Жұмыс санитарлық қызметтер мен кеденнің өзара әрекеттесуімен толық дайындық режимінде жүргізілді. Барлық өткізу пункттерінде ауру белгілері бар азаматтар үшін жеке өтетін жолдар бөлінді. 1 санаттағы елдерден келетін әуе кемелеріне ерекше шекаралық бақылау орнатылды.
2020 жылдың 22 наурызынан бастап басқа елдерге әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді экспорттауға бақылау енгізілді.
Төтенше жағдай кезінде шекарадан 590 854 тұлға өткізілген (ҚР – 260 547, шетелдік – 330 307); барлығы 282 589 тұлға кіріп (ҚР – 162 800, шетелдік – 119 789), 308 265 адам шығып кетті (ҚР – 97 747, шетелдік – 210 518).
238 880 жүк көлігі өткізілді (ҚР – 115 048, шетелдік КҚ – 123 832), 117 997 көлік шықса (ҚР – 576 872, шетелдік КҚ – 61125), 120 883 жүк көлігі кірді (ҚР – 58176, шетелдік КҚ – 62707).