Сурет: © almaty.tv
Аурухана төсегіне таңылған ер адам досы екеуінің тәртіп сақшыларынан соққы жеп, ауыр жарақаттанғанын айтып, құзырлы органдардан әділдік сұрады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны сұмдық жайт туралы үндеу жасап, желіге жариялады.
Өзінің бейнеүндеуінде жәбірленуші бірнеше қызметкердің есімін атайды. Әділ тергеуді талап еткен аудан тұрғыны тәртіп сақшыларының істі жылы жауып тастағысы келетінін жеткізген. Ал Полиция департаменті жағдайдың анық-қанығын анықтау мақсатында тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.
"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті жедел тергеу іс шарасын жүргізіп жатыр. Тергеу барысы ҚР ІІМ басшылығының бақылауына алынды", - деді Жамбыл облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.
видео: "Алматы" телеарнасы