Соңғы төрт күн ішінде, яғни 18 мен 21 қаңтар аралығында ауа райының күрт бұзылуына байланысты шығыс өңірінің барлық станцияларында жолды қардан тазарту жұмыстары тәулік бойы жүргізілді, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолыны».
Жұмысқа шамамен 300 теміржолшы тартылды. Стансаларда жол шаруашылығы қызметкерлері, қар бұрқасыны кезінде бағыттамалы бұрмалардың жағдайына жауаптылар тәулік бойы кезекшілік етті.
«Қар тазарту жұмыстарына 44 дана қар тазалау және қар аршу техникасы жұмылдырылса, бұл ретте 2,5 мың шақырым жол қардан аршылып, 10 000 текше метр қар шығарылды. Жол дистанциясы қызметкерлері күш-жігерінің арқасында пойыздар қозғалысының кестесі бұзылған жоқ» делінген хабарламада.
Ауа райының күрделі жағдайы мен қардың ұйытқуы жөнінде ескертіліп, пойыздарды қауіпсіз және үздіксіз өткізуді қамтамасыз ету үшін күн сайын нақты шаралар қабылданып отыр.