Бокстан әлем чемпионы әрі Олимпиаданың қола жүлдегері Сәкен Бибосынов биылғы маусымды қорытындылап, алдағы жылға қатысты жоспарларын бөлісті деп хабарлайды Olympic.kz.
"Осы маусымның мен үшін аса табысты өткеніне күмәнім жоқ. Азия біріншілігінен қола алдым. Токиода алтын алуды мақсат етсем де, ойым жүзеге аспай, қола медальмен оралдым елге. Кейін Белградтағы әлем чемпионатында алтын алып, еліміздің әнұранын шырқаттым. "Жылдың үздік спортшысы" атанғаным тағы бар.
Енді мұның бәріне тоқмейілсіп қалуға болмайды. Өйткені, менің Олимпиадада топ жарсам деген арманым бар. Соған нақты қадам басу үшін дайындықты қайтадан күшейтемін. Келесі жылы көптеген ірі жарыстар бар. Соның бірі - жазғы Азия ойындары.
Ел намысы сыналатын шақта аянып қалмауымыз керек. Сондықтан, келер жылға қойған мақсаттарым да биік", - дейді Бибосынов.