18 сәу, 2022 сағат 13:52

Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Алматы әкімі орынбасарларын азайта ма?


Алматы әкімдігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Ерболат Досаевтың орынбасарлары азая ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жергілікті биліктің мәліметінше, қазір Алматы қаласы әкімінің бес орынбасары бар. Бұл санды ел үкіметі өткен жылдың 9 желтоқсанында бекіткен болатын.

"Әкімдіктердегі мемлекеттік қызметшілер санын қысқарту мәселесі үкіметтің құзырында. Тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін Алматы әкімдігі құрылым мен Алматы қаласы әкімдігінің орынбасарлары арасындағы қадағалауды қайта қарайды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы әкім орынбасарларының санын қысқартуды тапсырған болатын.