Желіде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуде серуендеп жүргені түсірілген суреті жарияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Таңғы серуен", - деп жазылған Мемлекет басшысының Instagram парақшасында.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путин мен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Мәскеуге барды.