13 қар, 2021 сағат 16:15

Тоқаевтың Демократия және бостандық аралына бара жатқан сәтінен видео жарияланды


Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өз Facebook парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға жұмыс сапарының Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінің VIII саммиті аясындағы фотосуреттері мен видеосын бөлісті.

«Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының Ыстанбұлдың оңтүстік-шығысында орналасқан Демократия және бостандық аралына бара жатқан сәті» делінген хабарламада.


Айта кетейік, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII cаммиті Ыстанбұл қаласының оңтүстік-шығысында Мәрмәр теңізінде орналасқан Демократия және бостандық аралында өтті. 

Алқалы жиынға Қазақстан президентінен басқа Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысты. 

Сондай-ақ, саммитке бақылаушы елдердің басшылары Түрікменстанның президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбан қатынасты.