ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің желідегі парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Корольдігіне ресми сапары туралы қорытынды бейнеролик жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Брюссельге екі күндік сапар барысында Мемлекет басшысы Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен келіссөздер жүргізді, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізді.