20 қаз, 2022 сағат 12:35

Президент Жетісу өңірінің бірқатар азаматын марапаттады


Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Жетісу өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады", - делінген хабарламада.

Президент Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

  • "Парасат" орденімен "Жетісу" авиакомпаниясының президенті - Қалмұхамет Жағыпарұлы Дөңсебаев;
  • "Парасат" орденімен еңбек ардагері - Әуесхан Мажай;
  • "Құрмет" орденімен еңбек ардагері - Әміре Әрінұлы Әрінов;
  • ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен "Жазылбеков және К" шаруашылық қожалығының шопаны - Ардақ Абайұлы Бекчойнов;
  • "Ерен еңбегі үшін" медалімен "Есімжанов" шаруашылық қожалығының төрағасы - Мұхит Айтмұхамбетұлы Есімжанов;
  • "Шапағат" медалімен Безродных атындағы орта мектептің мұғалімі Светлана Петровна Минченко наградталды.