Фото: Akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал журналист Нұрмұхамед Байғараевты өзінің баспасөз хатшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Нұрмұхамед Байғараев 2017 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда білім алған.
Бірқатар баспасөз басылымы мен электронды БАҚ-та жұмыс істеген. "Айқын" газетінің бас редакторы, "Егемен Қазақстан" басылымында бас редактордың орынбасары қызметін атқарған. Әр жылдары "Хабар", "Qazaqstan" телеарналарында продюсер, сценарист және жүргізуші ретінде еңбек етті.
Осы тағайындауға дейін Тоқаевтың баспасөз хатшысының орынбасары болған.
Бұған дейін Президенттің Баспасөз хатшысы қызметін Руслан Желдібай атқарған еді. Жуырда ол Тоқаевтың Ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалды.