Фото: t.me/bort_01
Мемлекет басшысы "Жаһандық Оңтүстік дауысы" виртуалды саммитіне қатысады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ертең, 13 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен "Жаһандық Оңтүстік дауысы" виртуалды саммитіне бейнебайланыс форматында қатысады", - делінген хабарламада.
Саммит барысында дамушы елдердің мемлекет және үкімет басшылары қазіргі әлемнің өзекті мәселелерін шешу үшін күш-жігер біріктіру перспективаларын талқылайды.