18 қар, 2021 сағат 16:38

Тоқаев ядролық қарусыздануға арналған әлемдік форум әзірлеуді тапсырды


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ядролық қарусыздануға арналған әлемдік форум әзірлеуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шегенделген шекара - Қазақстанның аумақтық тұстастығының кепілі. Сондай-ақ стратегиялық серіктестеріміз – Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен достық қатынасымыздың мызғымас негізі. Қазақстан АҚШ-пен және Еуропа Одағы елдерімен стратегиялық байланыс орнатты. Бұл мемлекеттер – біздің инвестиция және сауда саласындағы әріптестеріміз. Біз көпжақты сарабдал дипломатияны берік ұстанып келеміз. Биыл Семей полигонының жабылғанына 30 жыл. Қазақстан өз еркімен ядролық қару-жарақтан бас тартты. Бұл шешуші қадам Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы беделінің артуына зор үлес қосты» - деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыс көшбасшыларының қатарына қосылғанын да айтты.

«Елбасы ұсынысы бойынша ядролық қарусыздануға арналған әлемдік форумды әзірлеу қажет. Келесі жылы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске және сенім шаралары жөніндегі кеңеске 30 жыл толады. Осыған орай елордамызда осы фуорумның алтыншы саммиті өтеді. Бұл жиынды ұйымдастыру үшін Сыртқы істер министрлігі ауқымды жұмыс атқаруы керек. Біз бұл кеңесті біртіндеп құрлықтағы қауіпсіздік және даму ұйымына айналдыруды көздейміз», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.