14 жел, 2022 сағат 14:55

Тоқаев Ұлыбритания премьер-министрінен жеделхат алды


Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания премьер-министрінен құттықтау жеделхатын алды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Мемлекет басшысына Ұлыбритания премьер-министрі @RishiSunak ҚР кезектен тыс Президент сайлауындағы жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Премьер-министр Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, стратегиялық серіктестікті нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін білдірді", - делінген хабарламада.