Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 – 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың сөзінше, заң жобасы Бюджет кодексінің жаңа талаптарын ескере отырып әзірленді.
Бұл ретте заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы баррелліне 2023 жылы - 48,9 доллар, 2024-2025 жылдары 42,2 – 40,3 доллар деңгейінде белгіленді.
"Осыны ескере отырып, республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2023 жылы - 2,2 трлн теңге, 2024 жылы - 2,0 трлн теңге және 2025 жылы 1,9 трлн теңге көлемінде айқындалды", - деді Қуантыров.