08 жел, 2022 сағат 15:40

Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді


Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"12 желтоқсанда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.

Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр", - делінген Мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.