20 жел, 2020 сағат 06:10

Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтетін Заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, сондай-ақ бүгін Қ.Тоқаев персонал беру жөніндегі мәселелерді реттейтін ҚР Заңына, Қазақстан аумағынан шығарып жіберу кезінде ұстап алу мерзімдерін реттейтін Заңға қол қойылды.