30 нау, 2026 сағат 11:43

Банк маңындағы өлім: Таразда 35 жастағы кәсіпкердің денесі табылды


Фото: polisia.kz


Тараз қаласында 35 жастағы ер адамның оқ жарақаты бар денесі табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Ult.kz.


Ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тараған. Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға 29 наурыз күні таңертең Сүлейменов көшесіндегі банк бөлімшесінің маңында болған.


Болжам бойынша, қайғылы жағдай қымбат жол талғамайтын көлік сатып алуға байланысты туындаған ірі қаржылық даумен байланысты болуы мүмкін.


Жамбыл облысы полиция департаменті ер адамның мәйіті табылғанын растады. Ведомство мәліметінше, қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр.


Қазір дәлелдер жиналып, сараптамалар жүргізілуде.