30 нау, 2026 сағат 11:18

200 млн теңге жымқырған: Алаяқтықпен байығысы келген ерлі-зайыпты ұсталды


Фото: Polisia.kz


ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайын Жамбыл облысының аумағында құрықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Күдіктілер сенімге кіре отырып, түрлі сылтаумен Астана және Семей қалаларының тұрғындарының шамамен 200 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.


Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүргендердің ұзақ уақыт бойы Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынғаны анықталды.


Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.