29 қар, 2021 сағат 09:16

Тоқаев Швейцарияның Федералдық Президентімен келіссөз жүргізеді


Қасым-Жомарт Тоқаев Женевада Швейцарияның Федералдық Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан Президенті ресми сапармен Швейцария конфедерациясына келді. 

Женевада Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Федералдық Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылмақ.

Сапар бағдарламасы бойынша Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында сөз сөйлейді, БҰҰ-ның және басқа да бірқатар халықаралық ұйымның басшылығымен келіссөз жүргізеді, инвестициялық дөңгелек үстелге қатысады және еуропалық бизнес капитандарымен кездеседі деп жоспарланып отыр», - деп жазды Уәли Facebook-те.