24 қаң, 2023 сағат 17:58

Тоқаев Сенаттағы 13 депутаттың өкілеттігін тоқтатты

Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттағы 13 депутаттың өкілеттігін тоқтатты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары:

  • Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың;
  • Владимир Васильевич Волковтың;
  • Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың;
  • Нұртөре Байтілесұлы Жүсіптің;
  • Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваның;
  • Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың;
  • Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің;
  • Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың;
  • Дана Өмірбайқызы Нұржігітованың;
  • Қанатбек Бейсенбекұлы Сафиновтың;
  • Ләззат Жаңылысқызы Сүлейменнің;
  • Серікбай Өтелгенұлы Трұмовтың;
  • Асқар Оразалыұлы Шәкіровтің өкілеттіктері тоқтатылды.