Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Әуежайда Қазақстан Президентін Өзбекстанның Премьер-Министрі Абдулла Арипов күтіп алды", - делінген хабарламада.