12 шіл, 2022 сағат 18:11

Тоқаев сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу туралы заңға қол қойды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.