01 мам, 2020 сағат 14:36

Тоқаев Ресей Премьерінің коронавирустан тезірек жазылып кетуін тіледі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Премьер-Министрі коронавирус жұқтырған Михаил Мишустиннің індеттен тезірек жазылып кетуін тіледі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

«Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустиннің індеттен тезірек жазылып кетуін тілеймін. Қазақстан мен Ресей коронавируспен күресте бірлесіп, белсенді жұмыс жүргізуде. Мен бірлескен қимылдарымыздың арқасында қиындықты еңсереміз деген ойдамын»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.