30 қыр, 2021 сағат 11:16

Тоқаев пен Путин қатысатын форум тікелей эфирде көрсетіледі


Қазақстан мен Ресей Президенті қатысатын форум тікелей эфирде көрсетіледі, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Бүгін Көкшетауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен екі елдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы онлайн форматта өтеді.

Форум Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен сағат 13:00-де "Хабар 24" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі", - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Бұған дейін Қазақстан мен Ресей Президенттері онлайн-форматта Көкшетауда өтетін екі елдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысатыны хабарланған болатын.