Мемлекет басшысы Ақордаға келген Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельді, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды қарсы алды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельді Ақорда резиденциясында қарсы алды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық кеңес президентінің кездесуіне арнайы келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды қарсы алды.