Фото: dw.com
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентке барды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізу үшін Шымкент қаласына барды", - делінген хабарламада.
Кездесу барысында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылады.