05 қыр, 2022 сағат 13:47

Тоқаев өрттен зардап шеккен аумақты тікұшақпен аралап шықты - видео


Мемлекет басшысы өрттен зардап шеккен аумақты тікұшақпен аралады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына келіп, өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданындағы аумақты тікұшақпен аралап шықты", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапарымен барғаны хабарланған болатын. Сапар барысында Президент Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысатыны айтылды.