Фото: Akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисиді және Мысыр Араб Республикасының барша халқын ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Мысыр арасындағы дәстүрлі достық қатынастар мен берік ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.