Фото ашық дереккөзден алынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы авиациялық құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтық әуе кемелерін авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», - делінген хабарламада.