18 қар, 2021 сағат 17:13

Тоқаев Қазақстанның таңдаған жолы туралы айтты


Қазақстанның Тәуелсіздігі пен егемендігіне, оның шекарасы мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіретін бір де бір келісімге жол берілмейді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Төртінші мәселе – әлемдегі алпауыт елдермен және өңірдегі ықпалды мемлекеттермен тең дәрежелі әрі тиімді ынтымақтастық орнату. 

Қазір геосаяси текетірес белең алуда. Қазақстан ешкіммен жауласпайды, халықаралық дауларға килікпейді. Біздің таңдаған жолымыз – айқын.

Прагматизмге негізделген салмақты әрі салиқалы саясаттан еш айнымаймыз. Біз екіжақты және көпжақты міндеттемелерден бас тартпаймыз. Президент даулы мәселелер туындаса, ұлттық мүддемізге сай ұтымды шешім табуға ұмтыламыз», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Тәуелсіздік пен егемендікке, еліміздің шекарасы мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіретін бір де бір келісімге жол берілмейтінін баса айтты.

«Өйткені, осы қасиетті құндылықтар біз үшін бәрінен қымбат. Біз ең алдымен, Қазақстанның мүдделерін табандылықпен қорғауымыз қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.