Фото:elements.envato.com
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңірінің жұртшылығымен кездесуі барысында Қазақстанның жер қойнауында литийдің мол қоры барын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Біздің жер қойнауымызда әртүрлі бағалаулар бойынша 50-ден 100 мың тоннаға дейін литий бар. Бұл - үлкен қор. Барлау мен игеруге елеулі инвестициялар қажет. Геологиялық қызмет осы бағыттағы жұмысты жандандыруы керек", - деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев өңірдің өнеркәсіп секторының өсу қарқыны жақсы екенін айтты. Жыл басынан бері 23 нысан пайдалануға берілген. Президент Kazsilicon жоғары сапалы кремний өндіретін бірнеше жыл бойы жұмыс істемей тұрған зауытты жаңғырту мен іске қосуды және "Электромарганец" темірін тікелей қалпына келтіру зауытының құрылысын ерекше атап өтті.
"Екі кәсіпорын да еліміз үшін маңызды. Олар металлургия саласындағы озық технологияларды дамыту және тарату алаңына айналуы тиіс. Бұдан басқа, облыста 2026 жылға дейін 7 мыңнан аса жұмыс орнын құрумен 162 жобаны қамтитын инвестициялық портфель қалыптастырылды", - деді ол.