05 қаз, 2022 сағат 13:05

Тоқаев Қарағанды ​​облысының бірқатар азаматын марапаттады


Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Қарағанды өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, - деп хабарлайды "Ұ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының 4 қазандағы Жарлығы бойынша марапатталғандар:

  • "Құрмет" орденімен "Үстел теннисі бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" КММ жаттықтырушысы – оқытушысы Эльмира Қайырқызы Әлиева;
  • "Құрмет" орденімен "Қарағанды облыстық клиникалық аурухана" КМК бөлімше меңгерушісі Евгений Семенович Морозов;
  • III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ цех бастығы Алексей Александрович Берг;
  • "Ерен еңбегі үшін" медалімен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ "Тентек" шахтасының учаске бастығы Артём Иренғайыпұлы Қасымов;
  • "Ерен еңбегі үшін" медалімен "Talbesyk" көпбалалы аналар одағы" ҚБ басшысы Ләззат Таймырқызы Қожахметова;
  • "Ерен еңбегі үшін" медалімен "Kazakhmys Coal" ЖШС "Горный" учаскесінің машинисі Александр Владимирович Комарда.