Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының "Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы" Жарлығымен:
- полиция генерал-полковнигі арнаулы атағы: Ахметжанов Марат Мұратұлына;
- генерал-лейтенант әскери атағы: Таласов Мұхамеджан Қадіржанұлына;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-лейтенанты арнаулы атағы: Бектенов Олжас Абайұлына;
- полиция генерал-лейтенанты арнаулы атағы: Сөнтаев Қайрат Имятұлына;
- генерал-майор әскери атағы: Базарбаев Қуанар Бекенұлына, Қабақов Нұртас Дәулетұлына;
- ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы: Алтынбаев Әли Сапарғалиұлына, Құнанбаев Берік Садықұлына;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы: Омарбеков Айтқұрман Жоламанұлына;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры арнаулы атағы: Сүлейменов Қанат Тұрсымбайұлына;
- экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы: Бижанов Қайрат Жақиянұлына;
- полиция генерал-майоры арнаулы атағы: Скляр Василий Васильевичке;
- азаматтық қорғау генерал-майоры арнаулы атағы: Дербісов Нұрболат Бекболатұлына;
- 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені: Майлыбаев Айдос Серікханұлына, Нұрлыбай Сәбитке берілді.