20 жел, 2018 сағат 12:37

Тоқаев есірткі таратушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынды

Бүгін Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев есірткі таратушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.

«Бұл - өте өзекті тақырып. Біз, сенаторлар есірткі таратушыларды қылмыстық және сот тәртібімен қуадалауды күшейтуіміз керек. Мүмкін, өмір бойына бас бостандығынан айыру қажет болар. Одан да қатаң жаза қажет болуы мүмкін. Себебі, бұл мәселе мемлекеттің ұлттық мүдделерімен байланысты және террористік әрекетке теңелуі мүмкін», - деді Тоқаев.

Бүгін Парламент Сенатының отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы қабылданды. Аталған заң есірткінің жаңа түрлеріне тыйым салуды көздейді. Сондай-ақ, бүгінгі отырыс барысында сенатор Сәуле Айтбаева елімізде есірткі мәселесі аса өзекті екенін айтты.

Бұған дейін Сенат отырысында Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылған болатын. Сонымен қатар, «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы қабылданды. Және ІІМ есірткінің жаңа түрлеріне тыйым салатын заң қажет екенін айтты.